Нәпсіқұмарлық әрекеттерін жарты жыл бойы жасап келген қылмыскер құрықталды - ІІМ

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында балаларға «тиісіп», нәпсіқұмарлық әрекеттерін жасап келген қылмыскер ұсталды. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
None
None

Наурыздың басында Ақтау қаласының сақшылары 14 жасқа толмаған жасөспірімдерге қатысты нәпсіқұмарлық әрекет жасаған 36 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. «Жедел-тергеу шаралары барысында оның осы іспетті 9 оқиғаға қатысы бар екендігі анықталды. Өткен жылдың тамызы бен ағымдағы жылғы наурыз айы аралығында ол өзінің нәпсіқұмарлық әрекеттерін көп қабатты үйлердің кіребестерінде 10 жас пен 14 жас аралығындағы бүлдіршіндерге қатысты жасап отырған. Балалар үйде жалғыз қалған кезде, қылмыскер су сұраймын деген сылтаумен алдап, пәтерге кіргеннен кейін пышақпен қорқыту арқылы қылмыстық әрекеттерін іске асырған. Бүгінде жәбір көргендердің бәрі күдіктіні танып отыр. Ол қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда», - дейді Н.Ораз.

Соңғы жаңалықтар