Нартай ауылында имандылық үйі ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Шиелі ауданы Нартай ауылында «Арғын ата» мешіті ел игілігіне берілді, 
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғындар көмегімен кесене тұрғызуға ауыл ағасы Мұхамеджан Әлиев мұрындық болса, имандылық үйін ағайынды Бекет және Болат Сүлейменовтер салдырып, жерлес­теріне сыйға тартты.Мешіттің ашылу рәсімінде аудан әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «Нұр-Астана» мешітінің бас имамы Халижан қажы Заңқоев, әділет генерал-майоры Айтбай Әлібаев құттықтау сөз сөйледі. Соңынан бабалар рухына арналып ас беріліп, Құран бағышталды.

Соңғы жаңалықтар