Насихаттық топтар ауылдарды аралап жүр - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық сала басшылары мен қыз­мет­кер­лерінен құрыл­ған наси­хаттық топ елді ме­кен тұрғындарымен кезде­су­лер өткізді. Оның мақсаты - өңірде Елба­сы­ның қол­дауымен қолға алын­ған ша­ралар мен бас­та­малар, мем­ле­кеттік бағ­дар­ламалардың тиімділігі мен халыққа тигізетін пайдасы туралы кең көлем­дегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру.
None
None

Аталмыш топтың алғашқы жұ­мыс сапары Екпінді, Қожамберді, Төменарық және Жайылма ауыл­дық округтерінде өтті. Кездесулер бары­сында аудандағы білім, мәдениет, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, тағы басқа сала­лардың басшылары атқарылып жатқан жұмыстар жайлы хабарламалар жасап, тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Мұндай кездесулер ауданның өзге де елді мекендерінде жалғасты.

Соңғы жаңалықтар