НАТО жаһандық және аймақтық қауіпсіздік жүйесіндегі Қазақстанның рөлін жоғары бағалайды - НАТО Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен
Солтүстікатлантикалық альянстың бас хатшысы, Қазақстанның НАТО-ның негізгі серіктесі болып табылатынын атап көрсетті және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатына жоғары баға берді.
Сондай-ақ, ол Ауғанстанды қалпына келтіру және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үдерісіне қосып отырған үлесі үшін Альянстың атынан Қазақстанға алғыс білдірді.
Кездесу барысында тараптар, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы мен НАТО арасындағы өзара қарым-қатынас серіктестіктің жоғары деңгейіне жеткенін және бірлесіп атқарылған жұмыстың толымды нәтижелерін паш етіп отырғанын атап көрсетті. Тараптар әсіресе Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығындағы күнтәртібінің аясындағы жаһандық қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы маусымның 16-17-сінде Алматыда ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрліктері басшыларының бейресми саммитін өткізу мәселесін талқылады.