13:34, 07 Сәуір 2010 | GMT +5
Наурыз айында Ұлттық банктің халықаралық резервтері 1,5 пайызға төмендеді - Григорий Марченко
/strong>Сәуірдің 7-cі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Наурызда елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда 0,4 пайызға төмендеді.
Ол жайлы Ұлттық банк төрағасы бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өткен айда таза валюталық қорлар 2,1 пайызға кеміп, алтындағы активтер 4,1 пайызға өсті. Григорий Марченконың айтуынша, ақша базасы Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің өсуі салдарынан 3,1 пайызға кеңейіп, 2736,3 миллиард теңгені құрады. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейлі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 0,7 пайызға тарылды. Ал ақпанда ақша массасы банк жүйесінің таза сыртқы активтерінің өсуі есебінен 2,1 пайызға өсті. Сондай-ақ айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі - 0,9 пайызға, банк жүйесіндегі депозиттер 2,2 пайызға артқан болатын.