Наурыз мерекесі бірінші рет Парижде тойланады - Асқар Тұрғанбаев

АЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Биылғы жылы наурыз айының 29-ы күні Париж қаласында бірінші рет Наурыз мерекесі халықаралық мереке ретінде ЮНЭСКО аясында тойланады.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда арнайы өткен баспасөз мәслихатында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымындағы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Асқар Тұрғанбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірнеше жыл бұрын Наурыз мерекесін халықаралық мереке ретінде жариялауды Иран ұсынған болатын, жалғыз мемлекет ұсынғандықтан қабылданбай келді. Оған түркі тілдес мемлекеттер қосылып, біріге ұсынғаннан кейін өткен жылы қабылданды. Бұл шара - наурыз мерекесі тойланатын елдердің ұлттық өнерін, салт-дәстүрін насихаттайтын үлкен мереке болмақ», деді Асқар Тұрғанбаев. Оның айтуынша, бүгінгі күні ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы аталмыш шараға дайындалуда.

Соңғы жаңалықтар