Найзағай соққан ақтөбелік әйел ауыр халде жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Байғанин ауданының 31 жастағы тұрғыны бір аптадан бері жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. 3 шілде күні әйелді найзағай соғып, комаға түскен болатын.
None
None

«Пациенттің ауыр халде жатқанына бір аптадан асты. Екі өкпесіне де зақым келген. Дем алып жатқанымен, есін жия алар емес. Біз оның комадан шығуын күтудеміз», - деді жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан.

3 шілде күні Байғанин ауылында нөсер жауын жауғанда, Маржан бұзау іздеп көшеге шыққан. Көшеде ұялы телефон ұстап тұрғанда, төбесінен жай түсіп, денесі күйген, есін жоғалтқан. Көршілері жедел жәрдем шақырған. Алғашында Маржанды орталық аудандық ауруханаға жатқызған, бірақ ертесіне санавиация тікұшағымен Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасына әкелген.

Дәрігерлер мұндай оқиғаның өз тәжірибелерінде тұңғыш кездескенін айтуда.

 

Соңғы жаңалықтар