«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ арасындағы Өзара Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

өзара іс-әрекет жасау, ғылыми әзірлемелерді анықтау, оларға мамандарды ынталандыру және тарту, «Самұрық-Қазына» Қоры тобының практикалық қызметіне ғылыми инновацияларды енгізу бойынша «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі - Назарбаев Университеті) мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ (бұдан әрі - Қор) арасындағы Өзара Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Осы Меморандум бойынша Тараптардың бірлескен қызметі ғылыми әзірнеімдерге мамандарды тартуға, «Самұрық-Қазына» қоры тобының практикалық қызметіне ғылыми инновацияларды енгізуге бағытталатын болады. Бұдан басқа, Назарбаев Университеті негізінде магистрлік және докторлық даярлау жөніндегі инновациялық білім беру бағдарламаларын, алдыңғы қатарлы шетелдік оқу және ғылыми орталықтардың оқытушыларын тарта отырып, «Самұрық-Қазына» қоры тобының қызметкерлеріне арналған тренингтерді, семинарларды өткізу жоспарланып отыр. Назарбаев Университетінің студенттері «Самұрық-Қазына» қорының топтарында практикадан өту мүмкіндігіне де ие болады.
Меморандум R&D бөлімшелерін және жоғары технологиялық өндірістерді орналастыру арқылы Университеттің жоғары технологиялық индустриялық алаңын (HTIS) дамытуды болжамдайды, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ баспасөз қызметі .