«Назарбаев университетінде» мемлекеттік қызметкерлерді дайындау мен шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған тренингтер өтуде

АНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Назарбаев университетінде» қысқамерзімді бағдарлама аясында мемлекеттік қызметкерлерді дайындау мен олардың біліктіліктерін арттыру және шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған тренингтер өтуде.
None
None

Бүгін аталмыш университетте «Бизнестің жол картасы - 2020» тақырыбында үшкүндік тренинг бағдарламасы басталды. Оған шағын және орта бизнес саласының 210 өкілі қатысты. Кәсіпкерлерге Дьюк университетінің өкілдері дәріс берді. Бүгін сонымен қатар жетекшілік құрамдағы мемлекеттік қызметшілерге арналған тренинг жұмыстарының екінші қорытынды сессиясы аяқталды. Мемлекеттік қызметшілерге дәрісті Сингапурдың Ли Куан атындағы мемлекеттік саясат мектебінің өкілдері берді.

«Назарбаев университетінің» атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары Қадиша Дайырованың айтуынша, тренинг өткізу шараларына АҚШ пен Сингапур елдерінің мамандары шақырылып отырғаны тектен-тек емес. Мысалы Дьюк университеті мен Ли Куан атындағы мемлекеттік саясат мектебі әлемдегі белді оқу орындарының бірі. «Бұл білім ордаларының басты ерекшеліктері - олар қолданбалы түрде оқытады және зерттеу жұмысының нәтижелерін ұлттық экономиканың нақты саласына енгізуге бейіл. Ал мемлекеттік басқаруды жетілдіру мен шағын және орта бизнесті дамыту бүгінгі таңда мемлекетіміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі», - дейді Қ.Дайырова.

Университетте жүзеге асырылып жатқан аталмыш қысқа мерзімді бағдарламалар «Назарбаев университетінің» академиялық білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырудағы негізгі үш бағыттың бірі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум