Назарбаев Университетінде Орталық Азияның тұрақты дамуына арналған халықаралық семинар сессиялары өтіп жатыр

АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде Орталық Азияның тұрақты дамуына арналған халықаралық семинар басталды.
None
None

Үш күндік семинарда Тұрақты даму үшін Экология жөніндегі бірінші Орталық Азиялық көшбасшылық бағдарламасы талқыланатын болады. Семинар адам, қоршаған орта мен тұрақты даму салаларына бағытталған интерактивті сессиялардан тұрады. Онда климаттың өзгеруі, энергия тиімділігі және тұрақты энергия көздері, сонымен қатар нанотехнологиялар сияқты тақырыптарға ерекше көңіл аударылады.

Шараның үшінші күніне Азия-Тынық мұхит аймағының даму және қоршаған ортаны қорғау министрлерінің алтыншы конференциясының шеңберінде (MCED-6) өткізілетін бизнес-форумның тыңдаушылары қатысады деп жоспарланған.

«Семинардың басты мақсаты Азиялық аймақтың мемлекеттерінің даму тәжірибелерімен бөлісу. Азия құрлығының елдері экономика мен қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтап, өздерінің тұрақты даму тетіктерін қалайша жасап отырғандығын білу. Бұл семинарда Азияның жетекші мамандары баяндамашы ретінде қатысады, ал оның тыңдаушылары Орталық Азия аумағындағы барлық 5 мемлекеттің ғалымдары болып табылады», дейді Назарбаев Университетінің басқарушы директоры Қанат Байғарин.

Бірінші Орталық Азиялық көшбасшылық бағдарламасы бүкіл Орталық Азия үкіметінің, жекеменшік секторы мен азаматтық қоғамның жас лидерлері мен әлеуетті кәсіпқойлары үшін әзірленіп, Орталық Азия кеңістігінде тұрақты даму мәселелеріне жан-жақты баға беруге негізделген.

Аталған бағдарламаның сарапшылары болып табылатын Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ Бағдарламасының, Орталық Азияның Аймақтық Экологиялық орталығының, Азия технологиялық институтының, Тонгжи (Tongji) Унивеситетінің, Ғаламдық Экологиялық стратегиялар жөніндегі институтының, сонымен қатар Назарбаев Университетінің мамандары баяндама жасайды.

Соңғы жаңалықтар