20:11, 25 Мамыр 2016 | GMT +5
Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Принстон Университетінің грант иегері атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Айжан Ахметжанова Принстон Университетінде (Princeton University) тегін оқуға мүмкіндік беретін толық гранттың иегері атанды. Айжанның тандаған мамандығы - «қала салу инженериясы», -деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Мектеп оқушысы халықаралық емтихандар: SAT Reasoning - 2140/2400, Physics, Maths, Chemistry - 800/800. TOEFL PBT -657/677, IELTS 8.5/9.0 сынақтарынан өте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген.
Айжанның айтуынша, АҚШ-та оқу оның балалық шақтан бергі арманы болған, ал оған қол жеткізуге Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу себеп болған. Осындай мектепте оқып ол әлемдік деңгейде танымал университеттерінің бірі болып саналатын Принстон Университетінің студенті атанды. Болашақта Айжан өз елімізге оралып мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлесін қоспақ.