Неміс кәсіпкерлері Қазақстанға үлкен қызығушылық танытуда - ГФР-дың Алматыдағы бас консулы Михаэль Грау

АЛМАТЫ. 23 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов Алматыдағы ФРГ-ның жаңадан тағайындалған бас консулы Михаэль Граумен кездесті, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Қала басшысымен екі жақты қарым-қатынастың болашағын әңгімелеген бас консул Германия және Қазақстан арасындағы байланысты одан әрі нығайтудың маңызды екендігін және Алматымен қатынастың барынша ерекше болатындығын атады.

«Алматыға мен соңғы рет 2006 жылы келген едім. Содан бері қала танымастай өзгеріпті. Неміс капиталымен жұмыс істейтін компаниялар да көбейе түскен. Немісі бизнес үшін Қазақстанның, әсіресе Алматының маңызы зор»,- деді Михаэль Грау.

Ахметжан Есімов өз кезегінде Алматының еліміздің ірі қаржы орталығы әрі үлкен доноры екендігін жеткізді. «Екі ел арасындағы қарым-қатынас инновациялық технология мен туризм арасында дамуы мүмкін. Қазіргі кезде қалада Алатау ауданында индустриялық аймақтың және халықаралық сыныптағы «Көкжайлау» курортының құрылысы басталады»,- деп атап өтті әкім.

Бас консул Алматымен іскерлік байланысты өркендетуге қызығушылығын білдірді. Қазіргі кезде мегаполисте неміс капиталымен 415 кәсіпорын жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар