Неміс компаниялары Қазақстанмен ынтымақтастықты өрістетуге дайын

БЕРЛИН. 25 қазан. ҚазАқпарат - Неміс компаниялары Қазақстанмен ынтымақтастықты өрістетуге дайын.
None
None

Бұл туралы Қазақстан мен Германия Үкіметтерінің арасында шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы Келісімді іске асыру бойынша жұмыс тобының жетекшісі Петер Тильс ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовпен болған кездесу барысында хабарлады.

«Іскерлік кеңес құрамына Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі бірнеше жүздеген фирмалар кіреді. Біз ынтымақтастықты өрістетуге дайынбыз, бізде ол үшін барлық мүмкіндіктер бар», - деді П.Тильс.

Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің өзекті аспектілері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар