Неміс журналистері Аралда болды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Арал ауданында Қазақстанның Берлиндегі Елшілігінің бастамасымен Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Әшімов пен ГФР Экология, қоршаған ортаны қорғау және ядролық реакторлардың қауіпсіздігі жөніндегі Федералды министрі Н. Ренттгеннің қолдауымен «Арал теңізі: көлден шөлге айналу - экологиялық дағдарыс жағдайындағы тіршілік» атты форум өтті.
None
None

Ынтымақтастық форумының қорытындысы бойынша бір топ неміс баспа және электронды ақпарат журналистері Арал ауданына келді. Неміс журналистері Аралдың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысу мақсатындағы сапарларын Қосжар ауылынан бастады. Олар алдымен балық питомнигінде аялдап, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Мұнан кейін Ақлақ су тоспасында, Көкарал бөгетінде болып, жоба жетекшілерімен, экологтармен кездесіп, пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар