05:08, 04 Тамыз 2017 | GMT +5
Неймар Францияның ПСЖ клубына ауысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Француздық «Пари Сен-Жермен» футбол клубы Бразилия құрама командасының шабуылшысы Неймармен келісімшарт жасасты. Келісім 5 жыл мерзімге есептелген, деп хабарлайды ТАСС.
Бұған дейін атақты футболшы қаржылық fair play талаптарын сақтау аясында испандық «Барселона» клубымен жасалған өзінің келісімшартын €222 млн сатып алған болатын.
Неймардың жаңа клубқа ауысуы рекордтық сомаға жүзеге асырылған. Бұған дейін ең қымбат трансфер италиялық "Ювентустан" ағылшынның "Манчестер Юнайтед" клубына ауысқан француз жартылай қорғаушысы Поль Погба болды. Осы келісім үшін ағылшындар €105 млн төлеген еді.