Нидерланды Корольдігі - Қазақстандағы нөмірі бірінші инвестор - Д.Берлібаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерланды - Қазақстандағы нөмірі бірінші инвестор. Бұл туралы Қазақстан-Голланд іскерлік кеңесінің І отырысында «ҚазМұнайГаз» АҚ төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев айтты.
None
None

«Нидерланды - біз үшін маңызды серіктес. Статистика бойынша, бұл ел - Қазақстандағы нөмірі бірінші инвестор. Дегенмен, Қазақстан да өз тарапынан Голландияға инвестиция салады. Мәселен, біздің шетелдегі тікелей инвестицияларымыздың 65 пайызы осы ел арқылы өтеді», - деді ол. Д. Берлібаев сонымен қатар, Қазақстанның Голландиямен нақты қандай салаларда қарым-қатынасы дамып отырғанын айтты. «Біз негізінен қызмет көрсету саласында, мұнай компанияларында бірге дамып келеміз және біз іскерлік кеңесі ретінде басқа да салаларға инвесторлар тартуға қол ұшын соза алсақ, жақсы болар еді. Бүгінде Қазақстан жылына 81 млн. тонна мұнай өндіреді. Ал жуық арада осы көрсеткішті жылына 120 млн. тоннаға жеткізу көзделген. Бұл жерде негізгі өсім Қашағанға байланысты болмақ. Сондай-ақ, біз SHELL компаниясымен де тығыз қарым-қатынастамыз», - деді Д. Берлібаев.

Соңғы жаңалықтар