Ниггли: WADA РФ допингке қатысты тексеру жұмыстарына $2,5 млн шығындады

Нигглидің сөзінше, қаржының жетіспеуіне байланысты тексеру жұмыстарына жұмсалған шығын ұйымның резервтік қорынан алынды. Қазіргі таңда агенттіктің бюджеті 30 миллион долларды құрайды. Алайда, тестілеу жұмыстарының сапасын арттыру мен допингпен байланысты жағдайларға тексеру жүргізу үшін бюжет көлеміне кемінде екі есеге ұлғайту керек.
Ричард Маклареннің жетекшіліндегі Бүкіләлемдік допингке қарсы ұйымның (WADA) тәуелсіз комиссиясының мүшелері 18-шілдеде 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындары кезіндегің допингтік қитұрқылықтармен байланысты айыптаулар бойынша тексеру жұмыстарының қорытындысын ұсынды. Баяндамада допинг-сынамалардың болғандығын жасыру жүйесі Ресейде 2011-2015 жылдар аралығында 643 рет қолданылғандығы айтылады. Оған спорттың 30 түрінен атлеттер қатысқан. Канадалық заңгер аталған баяндаманың аралық екендігін, осыған қарай тексеру жұмыстарын әлі де жалғастыру қажеттігін айтты.
WADA ұйымының тексеру жұмыстары кейбір ресейлік спортшылардың Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадаға қатыспай қалуларына негіз болды. Сондай-ақ осы себеппен 2016 жылы Риода өткен паралимпиада ойындарына да Ресейдің паралимпиада құрамасы қатыса алмады.