«НКОК» компаниясы «Қашаған-2013» жаттығуын өткізбек

АТЫРАУ. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» «Қашаған-2013» жаттығуын өткізбек.
None
None

Мақсат - компанияның Каспий теңізінен мұнай өндіруінің алдында қара алтынның төгілуіне байланысты туындайтын төтенше жағдайларға әзірлігін тексеру.

Оқу-жаттығулар екі кезеңді қамтиды. Алғашқысында аймақтық деңгейде, оның ішінде Атырау мен Маңғыстау облысында мұнайдың төгілуін тоқтату бойынша әрекетті пысықтау қарастырылған. Екінші кезеңдегі шара Қазақстанға мердігерлік ұйымдар арқылы үшінші деңгейдегі қара алтынның төгілуіне жол бермеу мақсатындағы өзге мемлекеттерден тартылған ресурстарды тексеруге бағытталмақ.

Соңғы жаңалықтар