Нобель сыйлығының лауреаты Қазақстанға жас кәсіпкерлерге қолдау жасауға кеңес берді

«Атап өтілгендей, Қазақстан «Doing Business» рейтингінде 41 орында. Менің ойымша, бұл бағытта кәсіпкерлерге қосымша мүмкіндіктерді ұсыну үшін тиісті қадамдарды жасау керек. Бүгінде оқу орнында білім алып жатқан студенттер жайында ойлау керек, себебі олар жақын арада кәсіпкерлер қатарына қосылуы мүмкін. Үкімет жастар үшін бизнес түрлерін құруда көмек көрсетуге көбірек назар аударуы керек»,-деді ғалым Астана экономикалық форумы аясындағы «Қазақстандық өсу стратегиясы» сессиясы барысында.
Кристофер Писсаридестің пайымынша, елде бизнесті жүргізуге рұқсатнамалық құжаттарды қысқартып, кәсіпкерлікті жаңадан бастаған жастарға қолдау жасау маңызды.
«Қызметін жаңа бастаған шағын компаниялар үшін Үкімет тарапынан жасалатын ең жақсы қолдау - ол қандай да бір кедергілерді жоюға байланысты. Атап айтқанда, әкімшілік мазмұндағы мыңдаған қағаздарды толтыруға мәжбүр болған кезде, бұл өз кезегінде кез келген адамды бұл саладан кері итереді», - дейді мейман.