Норвегия Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалығынан көп үміт күтеді - Кьелл Бондевик

p; Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Норвегия Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалығынан көп үміт күтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Біз Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасау мәселесін талқыладық. Біз Қазақстанның ұйымға төрағалығынан көп үміт күтеміз. Қазақстан адам құқығы мен бостандығы саласындағы ынтымақтастықты дамытуда жақсы үлгі көрсетіп отыр», деді бүгін Ақордада Елбасы Н. Назарбаевтың қабылдауынан кейінгі брифингте Норвегияның бұрынғы Премьер-Министрі, Бейбітшілік пен адам құқығы үшін орталығының басшысы Кьелл Бондевик.

 Оның айтуынша, кездесуде сонымен қатар діндер арасындағы келісім мәселесі талқыланған. «Қазақстан діндер арасындағы келісімді дамытуға белсенді атсалысып отыр. Біздер түрлі діндердегі халықтарды жақындастыру арқылы түсініспеушіліктен және қайшылықтан қаша аламыз», деді ол. Сонымен қатар К. Бондевик Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқан батыл шешімін жоғары бағалады. «Мен Президент мырзаны Қазақстанның әлемдегі төртінші арсеналдан бас тартқанымен құттықтадым. Бұл істе Қазақстан әлемнің өзге елдеріне үлгі көрсетіп отыр», деді съезге қатысушы мәртебелі мейман.

Соңғы жаңалықтар