Норвегияда Дүниежүзілік кеден ұйымының Еуропалық аймақ елдері кеден қызметтері басшыларының конференциясы өтті

None
None
БРЮССЕЛЬ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ – Норвегияның Берген қаласында мамырдың 18-19-ы күндері Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) Еуропалық аймақ елдері кеден қызметтері басшыларының конференциясы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстанның Брюссельдегі елшілігіне сілтеме жасап. Конференцияда ұйымның «ХХІ ғасырдағы кеден» стратегиясы, Ұйымның Саяси комиссиясы, Қаржы комитеті және Аудит жөніндегі комитет сессияларының қорытындылары, шекараны ықпалдасып басқару, мәліметтер алмасу, сондай-ақ басқа да ұйымдастырушылық және әкімшілік мәселелер қаралдыАтап айтқанда, Қазақстан мен Македония Республикасы кеден қызметтерінің Астанада және Скопьеде Дүниежүзілік кеден ұйымының аймақтық оқу орталықтарын құру туралы жобасы, Бакуде Ұйымның аймақтық кеңсесін ашу туралы Әзірбайжанның жобасы таныстырылып, талқылау қорытындылары бойынша оң шешімдер қабылданды. Бүгінде Дүниежүзілік кеден ұйымына әлемнің 174 елі мүше болып табылады. Қазақстан ұйымға 1992 жылдан бері мүше.
Соңғы жаңалықтар
telegram