Норвегияда Қазақстан жайлы тұсаукесерлік семинар өтті

Аталған іс-шарада норвегиялық қауымдастықты Тәуелсіздігіміздің 20 жылы ішінде қол жеткізген экономикалық жетістіктерімен таныстырды, сондай-ақ ынтымақтастықтың қазіргі таңдағы инвестициялық және сауда мүмкіншіліктерімен хабардар етті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ослода өткізілген осыған тәрізді семинар екі елдің екі-жақты қатынастар арасындағы тарихта алғашқы рет орын алған қазақстандық іс-шара болып табылды. Аталмыш семинарда өнеркәсіп, қаржы қызметі, ақпараттық технологиялар мен инфрақұрылым салаларда жұмыс атқаратын Скандинавия елдерінің іскер топтарының өкілдері қатысқан болатын.
Ұйымдастырылған семинар үш бөліктен тұрды. Оның біріншісі, ҚР Тәуелсіздік кезеңінде экономикалық жетістіктерінің және әр түрлі салаларда ғаламдық пен аймақтық деңгейлерде Қазақстанның көшбасшы рөлінің таныстырылымы болды. Скандинавиялық бизнес-элитаны Қазақстанда қолайлы инвестициялық және бизнес жағдайды тудыруға және елдің экономикасын жоғары деңгейге көтеруге септігін тигізген елдегі экономикалық, әлеуметтік және әкімшілік реформалар үлкен әсер қалдырды.
Семинардың екінші бөлігі Кеден одағының құрылуымен Қазақстандағы скандинавиялық бизнесмендерге жаңа ашылған мүмкіндіктерге арналған еді. Атап айтқанда, көптеген норвегиялық компанияларға Ресей Федерациясының нарығы маңызды болып табылады, алайда көбісі осы елде белсенді әрекет ете алмады. Осыған орай нарық, инвестициялық қызмет, валюталық реттеу, мөлдірлік пен жеңіл әкімшілік рәсімдер салалардағы Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтары туралы ақпарат қызығушылықпен қабыл алынды.
Семинардың соңғы бөлігі үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасы мен Қазақстан экономикасының бөлек салалары - көлік жасау, химиялық және кен тау өнеркәсібі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жөніндегі таныстырылым болып табылды. Скандинавиялық бизнес-элитаға аталған салалар жөнінде егжей-тегжейлі хабарланды, сонымен қатар Қазақстанда бизнесті енгізу мен инвестициялау үшін қолайлы жағдай құру мен мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді.
Орын алған семинар «Казнекс-Инвест» экспортты тарту және алға бастыру бойынша Ұлттық агенттігі мен «Grata» атты қазақстандық ең ірі заң фирмасының белсенді көмегімен өткізілді.