Норвегиялықтар Баренцев теңізінен ірі мұнай кенішін тапты

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Норвегиялық Statoil мұнай тобы Баренцев теңізінен мұнай мен газ кенішін тапты, деп хабарлады Лента.ру сайты.
None
None

Оның қоры 300 миллион баррель мұнай эквивалентіне бағаланып отыр. Бұл туралы компания дүйсенбі күні, 9 қаңтарда өзінің баспасөз баянында хабарлады. Жаңа кеніш Havis деген атауға ие болды.

Баспасөз баянында бұл Statoil-дың Баренцев теңізінен соңғы тоғыз айда тапқан екінші ірі мұнай кеніші екені аталып өткен. Бұдан бұрын компания қоры жағынан Havis кенішімен шамалас Skrugard кенішін тапқан болатын.  

Баренцев теңізінің қайраңынан мұнай мен газ өндіруге ресейлік және норвегиялық компаниялар үміттеніп отыр. 2011 жылдың ортасында БАҚ Ресей мен Норвегия 2013 жылы арктикалық қайраңнан мұнай мен газ өндіруді бастайтындығын хабарлаған болатын. 2011 жылдың соңында «Роснефть» компаниясы Баренцев теңізінен  мұнай өндіру үшін бірнеше учаскеге қол жеткізді.

Осы теңіздің қайраңында мұнай қорынан басқа газ кеніші де бар. Оның ең ірісі - Штокмановское. Оның қоры 3,8 триллион текше метр табиғи газға және 37 миллион тоннаға жуық газ конденсатына бағаланып отыр.

Соңғы жаңалықтар