Норвегияның Бейбітшілік және адам құқықтары орталығының делегациясы омбудсмен қызметімен танысты
Делегацияны бұл елдің бұрынғы Премьер-Министрі, орталықтың басшысы Кьел Магне Бондевик басқарып келіп отыр, деп хабарлайды Омбудсмен аппаратының баспасөз қызметінен.
Норвег делегациясының еліміздегі келудегі мақсаты - Омбудсмен офисінің қызметімен және оның мемлекеттің құқықтық қорғау жүйесіндегі рөлімен танысу болды.
Тараптар кездесу барысында адам құқықтарын қорғаумен және қолдаумен, мемлекеттің осы бағытта, атап айтқанда наным бостандығы саласында қолданып жатқан шараларымен байланысты мәселелерді талқылады.
Қазақстанның толеранттық және конфессияаралық келісімді дамытудағы оң тәжірибесі, сондай-ақ алдағы уақытта ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету тұрғысында мемлекеттің адам құқықтарын қорғау саласында жүзеге асырып отырған шараларының маңыздылығы атап өтілді.