Новосельскийде еңбек шамшырақтарына сыйақы ретінде екі миллион теңге бөлінді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауылдағы біржарым мыңға тарта тұрғынның барлық әлеуметтік түйткілдері қос жұмыс берушінің құзырында. Осындағы 150 орындық мектеп, 35 балғынға арналған балабақша, мәдениет үйі мен спорт кешенінің барлық материалдық ауыртпалығы да осылардың еншісінде. Облыстық мәслихаттың депутаты, «Клименко-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшысы, Александр Клименконың айтуынша, биылғы жылы 20 мың гектер жердің берекесі 15 центнерден айналып, қамбаға 28 мың тонна астық құйылған. Қой, ірі қара, жылқы өсіру, мал өнімдерін тереңдетіп өңдеу қолға алынған. Қос серіктестік жұмысшылары айлықтарын уақытында алып отырады. Енді міне, жаңа жыл қарсаңында сыйақы бөлінген. Оның сыртында бағалы сыйлықтары тағы бар. Округтегі 200 зейнеткер 150 мектеп оқушысы мен бақшадағы 35 бүлдіршін де тартудан тарылған жоқ. Аз қамтылған отбасылардың отын-суы, жем-шөбі серіктестік мойнында.