«Нұр Медиа» холдингіне жаңа басшы тағайындалды

АСТАНА.  Желтоқсанның   24-і. ҚазАқпарат -  «Нұр Отан»  партиясы Төрағасының  бірінші  орынбасары Нүрлан  Нығматуллин бүгін «Нұр Медиа»    холдингінің  ұжымына  жаңа  бас   директор  Қайсар  Жаңахановты тағайындады.
None
None

Қ.Жаңаханов 1972   жылы  туған. 1997 ж ылы Абай атындағы  Алматы Мемлекеттік университетін  «саясаттану»   мамандығы бойынша  бітірген.

Жаңа қызметке  тағайыдалғанға дейін - 2008 жылдың  қараша айынан бері  «Арна Медиа»  Ұлттық ақпараттық холдингі»  акционерлік  қоғамында басқарма  төрағасының  орынбасары  болып  қызмет еткен.

Анықтама:   «Нұр Медиа»  холдингі  2008 жылдың  желтоқсан  айында  құрылды.  Оның  құрамына «Литер», «Айқын», «Дала мен қала», «Страна и мир», «Түркістан», «Нұр-Астана» және  «Известия-Казахстан» газеттері кіреді.  Холдингке  сондай-ақ  «РДВ» және NS-Radio, «Астана» телеарнасы қарайды.

Соңғы жаңалықтар