?Нұр Отан? бірлескен іс-қимылды жақсартады

ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Кеше "Нұр Отан" халықтық- демократиялық партиясы облыстық филиалы "Атқарушы және өкілетті органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен іс-қимылының тиімділігін арттыру" тақырыбында жиын өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Басқосуда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Мұрат Мұхамедов қоғам өміріндегі үкіметтік емес ұйымдардың роліне тоқталды. Атқарушы билік олардың дамуына мүдделі екенін айтты. Облыс көлеміндегі 700-дей қоғамдық ұйымдарды ірілендіріп, олардың белсенділігін арттыру арқылы ғана нәтижелі іс жасауға болатынын мысалдармен келтіріп өтті.Жыл өткен сайын үкіметтік емес ұйымдарға бөлінетін қаржы көлемі өсіп келеді. Дегенмен, қаражат белгілі бір бағыттарға ғана жұмсалуда. Бұл жерде осы ұйымдар тарапынан да салғырттық байқалады. Сонымен бірге басқармалардың да ынтасы төмен, қолдау кемшін. Сол себепті жаңа жобалар уақытылы ұсынылмай, бар қаржыдан қағылып жүрміз.Кездесу кезінде алдағы уақытта осы ұйымдардың белсенділігін арттыру жайындағы ұсыныстар ортаға салынды. Атқарушы органдармен етене жұмыс жасауға келісілді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум