«Нұр Отан» ел өңірлерінде Президент Жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстарын бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Қазақстанның өңірлерінде «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық насихаттау жұмысына барлық құрылымдарын тартты. Осы жайында бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Саяси жұмыс департаментінің директоры Руслан Әлішев мәлім етті.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, бұл ретте партияның аймақтық және аумақтық филиалдары мен депутаттық корпусқа ерекше рөл жүктеліп отыр. Р.Әлішев атап өткендей, халыққа түсіндіру жұмыстарына партияның барлық ресурстары мен мүмкіндіктері тартылған. Ең алдымен, ол 860 мыңнан аса партия мүшелерінің басын біріктірген 5 667 бастауыш ұйымдары. «Дәл осы БПҰ арқылы халықпен кері байланыс қамтамасыз етіліп, жүргізіліп отырған реформалардың маңызы түсіндірілуде», - деді ол. Сонымен қатар партияның басты активі - Ұлт жоспарына қатысты заңдарды қабылдауға қатысқан Мәжілістегі партия фракциясының депутаттары мен жалпы саны 3,2 мыңнан асатын мәслихат депутаттары, сондай-ақ партия филиалдары саяси кеңестерінің мүшелері қамтылып отыр. «Дәл осындай азаматтарға, яғни өмірлік тәжірибесі мол, жергілікті ахуалды жақсы білетін және де Президенттің жүргізіп отырған саясатын халыққа түсінікті қарапайым сөзбен жеткізе білетін азаматтарға сенім артамыз», - деді Р.Әлішев. Айта кетейік, бүгіннің өзінде «Нұр Отан» партиясы өңірлерде ауқымды насихаттау жұмысын бастап кетті. Алғашқы кездесулер Ақмола облысында орын алды, осы өңірге партия Төрағасының Бірінші орынбасары А.Мырзахметов жұмыс сапарымен барған болатын. Оған қоса, Қарағанды облысында да партия Орталық аппаратының лекторлар тобы жұмыс жүргізуде. Бұл жердегі басты мақсат - биылғы Жолдаудың басты ойларын және де бүгінгі күннің сынақтарына қарсы тұруға бағытталған елдегі реформалар туралы ақпаратты қалың бұқара халыққа жеткізу.

Соңғы жаңалықтар