«Нұр Отан» Елбасы Жолдауына орай үш бағытта жұмыс істейді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауына орай «Нұр Отан» партиясы идеологиялық, әлеуметтік-экономикалық және жастарды қолдауға арналған үш бағытта жұмыс істейтін болады. Бұл туралы бүгін Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Сапар Ахметов айтты.
None
None

«30 қараша күні партия Төрағасы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кезекті Жолдауын жариялап, алдағы кезеңнің түйткілді мәселелерін халықтың назарына ұсынды. Жолдауда алға қойылған міндеттер баршамызға айқын. Елбасы жаһандық ахуалдың сын-қатерлерін ескеру үшін нақты мүмкіндіктеріміз негізінде біртұтас іс-қимыл стратегиясын қарсы қоюымыз қажет деп, оны іске асырудың негізгі үш стратегиясын белгілеп берді. Ол: өсім, реформа және даму», - деді отырысты ашқан С.Ахметов. Сонымен қатар ол Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған конференция барысында ҚР Президентінің Қазақстан ұлы істердің ұйытқысы болған «Ұлы дала елі» деп атағандығын еске салды. Бұл идея әрбір қазақстандықты ел тұтстығын сақтауға, тәуелсіздік құндылығын берік ұстануға шақыратындығын атап өтті. «Партия Төрағасының бастамасы «нұротандықтар» тарапынан үлкен қолдау тапты. Атап айтар болсақ, партия Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің тапсырмасымен партия идеологиясын іске асырудың жобалық бағытына өзгертулер енгізілді. Өздеріңізге белгілі, партия барлық іс-шаралардың нақты жобаларын мақсатты түрде жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта жаңа міндеттерді ескере отырып, іске асырылып келе жатқан 13 партия жобасы 7-ге дейін қысқарды және халқымыздың мәдени құндылықтарын дамытуға бағытталған қосымша 2 партиялық жоба қабылданып, жалпы идеологиялық, әлеуметтік-экономикалық және жастарды қолдауға арналған үш бағытта жұмыс істейтін болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар