«Нұр Отан» халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында ауқымды жұмыс атқаруы керек - Асқар Мырзахметов.

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында ауқымды жұмыс атқаруы керек. Бұл туралы облыс әкiмi, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасы Асқар Мырзахметов саяси ұйым филиалының кезектi есеп беру-сайлау конференциясында мәлiмдедi, деп жазады «Оңтүстік Қазақстан» газеті.
None
None

Облыс әкiмi партия филиалының кезектi есеп беру-сайлау конференциясына өңiр жақсы жетiстiктермен келiп жеткенiне тоқталып, мұнан әрi де жұдырықтай жұмылып жұмыс iстеуге шақырды. Өңiр басшысы халықтың ынтымағы мен бiрлiгi қашан да күн тәртiбiнен түспейтiн мәселе екенiне тоқтала келiп, бұл - «Нұр Отанның» күнделiктi айналысатын жұмысына айналуы тиiстiгiн атап көрсеттi.

- Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес партия филиалы жүргiзетiн маңызды жұмыстардың бiрi болып қала бередi. Әлi күнге жемқорлықпен күрестi пара алғандарды әшкерелеп, заң бұзушыларды жазалау деп қана түсiнетiндер кездеседi. Алайда, «Нұр Отанның» жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi жаңа бағдарламасында аталған жұмысты бағалаудың 36 индикаторы белгiлендi. Соның бiрi - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Әсiресе, осы бағыт бойынша «нұротандықтар» ауқымды жұмыс атқаруы керек, - дедi А.Мырзахметов.

Соңғы жаңалықтар