«Нұр Отан» ХДП ақпараттық тобы Қызылорда облысында кездесулер өткізді
Жиынды «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков жүргізіп отырды. Кездесу кезінде республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері, партиялық тізім бойынша ҚР Мәжілісі депутаттығына үміткерлер Сейітсұлтан Әйімбетов, Мұрат Әбенов, Жақып Асанов «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабының және республикалық ақпараттық-насихаттық топтың жұмысы, сондай-ақ партияның ұлттық іс-қимыл жоспары және сайлауалды тұғырнамасы туралы айтып берді. Топ мүшелері сондай-ақ қатысушылар қойған бірқатар сауалдарға жауаптар қайтарды.
Кездесу барысында «Нұр Отан» ХДП Қызылорда қалалық сайлауалды штабының төрағасы Алтынбек Жарылқасынов қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар жайын айтып берсе, орталық директоры Аида Әбибуллаева ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің мазмұнды әңгімелеріне ұжым мүшелері атынан алғыс жеткізді. Бұдан кейін топ мүшелері «Абзал және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де кездесу өткізді.