21:35, 30 Наурыз 2010 | GMT +5
«Нұр Отан» ХДП алдағы онжылдыққа стратегиялық мандат алды - «ЕуроАзия» журналы
АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы алдағы онжылдыққа стратегиялық мандат алды. Бұл туралы өзінің «ЕуроАзия» журналына берген сұхбатында ММУ Ақпараттық-талдау орталығы директорының орынбасары Андрей Карпов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына берген түсіндірмесінде айтты.
Сарапшы аймақтық саясат таяудағы уақытта қазақстандық реформалардың бел отасында болатынын, бұл орайда оны жүзеге асыруда «Нұр Отан» ХДП-ға айрықша рөл берілетінін атап өтеді. Бұл тұрғыда нақты әлеуметтік, экономикалық және басқа да «технологиялық бағыттағы» міндеттер ғана емес, Жолдау негізіне қаланған бағдарламалық идеялар мен нұсқаулардың Қазақстанның әр тұрғынына жеткізілетін жұимылдырушы әсеріне қол жеткізуді де қарастыру қажет.
«Сонда «Нұр Отан» ХДП-ға билік пен халық арасындағы байланысты қамтамасыз ететін құрал ретінде неге баса назар аударылып отырғаны түсінікті болады», деп мәлімдеді А.Карпов.