«Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы 2010 жылғы қоғамдық-саяси шаралардың желілік кестесін жасады

; АЛМАТЫ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы 2010 жылғы қоғамдық-саяси шаралардың желілік кестесін жасады. Бұл бүгін қалалық мәслихаттағы "Нұр Отан" ХДП депутаттарының форумында айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Партия басшылығымен алдағы уақыттағы қызметті жоспарлау кезінде шаралардың сапасы мен мазмұнына үлкен мән берілді. Біз мәдени-бұқаралық шаралардан нақты мәселелер мен өзекті сауалдарды шешуге бағытталған акцияларға ауысуға тырысамыз. Ағымдағы жылы елдің барлық аймағында бір уақытта 26 арнайы жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр", дейді "Нұр Отан" ХДП-ның қалалық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Амангелді Кәрімоллин. Бұл жобалардың арасында Жеңістің 65 жылдығын тойлауға арналған "Ардагерлерді ардақтайық", 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарын насихаттауға арналған "Спорттық Қазақстан", мемлекеттік тілді қолдауға арналған "Қазақша сөйлесейік" акциялары мен онкологиялық аурулармен ауыратын балаларды емдеуге қаржы жинауға бағытталған "Шын жүректен" қайырымдылық телемарафоны бар. Бұл шаралардың ішінде өзінің ауқымы жағынан мына шараларға ерекше мән беріледі. Олар - Президенттік басқарудың 20 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанының 15 жылдығы және 2011 жылғы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы.

Соңғы жаңалықтар