«Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы Саяси кеңес бюросының отырысы өтті

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыда «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалында Саяси кеңес бюросының отырысы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Отырыста қалалық филиал өткен сегіз айдың ішіндегі партияның ұйымдастыру жұмыстары мен ішкі тәртіптері мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, осы жылдың маусым-шілде айларында жүргізілген «Отандастар» шарасы кезінде түскен арыз-шағымдар қаралып, филиалдың сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамдық кеңесінің құрамына өзгерту мен толықтырулар енгізу мәселелері әңгіме болды. Оған қоса, аудандық бөлімшелер бастығы орынбасарларының атқарылған жұмыстарға есептері тыңдалды.

Жиынға «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы Саяси кеңес бюросы, партияның Алматы қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясының жетекшісі, ҚазҰАУ-нің ректоры Т. Есболов және басқалар қатысты.

Отырыстың модераторы «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Амангелді Кәримоллин болды.

Соңғы жаңалықтар