13:29, 14 Ақпан 2009 | GMT +5
«Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы құрылды
АЛМАТЫ. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының тұсаукесері өтті,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Нұр Отан» ХДП-ның тұрақты жұмыс істейтін органы - Партиялық бақылау комитеті қарашаның 25-інде құрылған болатын. «Қаңтардың 9-ында комитеттің 1-іш отырысы өтті. Онда комитет мүшелері өздеріне берілетін міндеттерді бөлісіп, жартыжылдық жоспарларын бекітті. Ақпанның 24-25 күндері облыстық филиалдарда арнайы комиссиялар құрылып, оның жаңадан бекітілген төрағалары мен инспекторларының Астанада екікүндік оқуы болады. Ал 26-сында комитеттің 2-ші отырысы өтеді. Оған комиссия төрағалары мен инспекторлар да қатысады», - дейді «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Оңалбек Сапиев. Оның пайымдауынша, бұл комитет біреуді құртатын, біреуді шаршататын орган емес, оны болдырмаудың жолын іздейтін орган болуы керек. «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының Қоғамдық қабылдауының кеңесшісі Гүлфира Нұрсалива жаңадан құрылған Партиялық бақылау комитетінің төрайымы, ал Амантай Біртанов, Геннадий Селютин, Александр Братинков, Арман Жеңісбаев, Жомарт Синтиков пен Мағзам Қасымов комиссия мүшелері болып бекітіліп отыр. Партияның қалалық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Тоқмұхамед Садықовтың сөзіне қарағанда, бұл комиссия - партияның бағдарламалық құжаттарын, Партия төрағасының бұйрықтарын, партияның сьезд бен конференцияларының шешімдерін, Саяси кеңес пен Бюроның партиялық ұйымдардағы шешімдерін және партияның жемқорлыққа қарсы күрес саясатын бақылауға алатын болады.