13:44, 07 Мамыр 2011 | GMT +5
«Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалының өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагерлері және тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып құттықтады
ТАЛДЫҚОРҒАН. 7 мамыр. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалының өкілдері сыйлықтар алып, 15 Отан соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып құттықтады.

Олар бұл қайырымдылық шараны тек осы күні ғана өткізбеген.
«Ардагерлерді аялайық» атты акция аясында партияшылар жүзге жуық соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсеткен. Олар Талдықорғандағы ардагерлермен қоса, облыстың барлық аудандарындағы қарттардың да үйлеріне барып құттықтаған.