«Нұр Отан» ХДП Алматыдағы бөлімшесі ҰОС ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Салтанатты дастарханға 70-тен аса ардагерлер шақырылды. Оларға гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, ардагерлердің құрметіне қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.
«Нұр Отан» ХДП Алматы бөлімшесі басшысының бірінші орынбасары Амангелді Кәрімуллин партияның атынан ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.
"Біздің әр қайсымыздың бейбіт өмір, ашық аспан үшін соғысқа қатысқан аталарымыз бен әкелеріміз бар және бұл бәрімізді біріктіреді. Менің әкем де осы соғысқа қатысып, 1946 жылы елге оралды. Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні барлық ғасырда мадақталуы қажет!", деді Амангелді Кәрімуллин.
Ол сонымен қатар, Қазақстанның майдан жылдарында атқарған еңбегін ерекше атап өтті.
"Соғыс кезінде Қазақстан жұмылдыру орталығы болды. Мұнда 50-ге жақын полк және әр түрлі әскери батальондары құрылды. Майданға 1 миллион 700 мың қазақстандық жауынгер аттанған болатын. Оның 500-і Кеңес Одағының Батыры, 100-дейі Даңқ орденінің толық иегері, 4-еуі екі рет Кеңес Одағының Батыры атанды", деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, мұндай шаралар «Нұр Отан» ХДП-ның барлық аймақтардағы бөлімдерінде өтуде.