20:53, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы жаңа ғимаратқа орналасты
ОРАЛ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП Қазталов аудандық филиалы күрделі жөндеуден өткізілген ғимаратқа орналасты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осыған орай «нұротандықтарды» жаңа қонысымен аудан әкімі Есентай Қалиев құттықтады. Ғимараттың кең де жарық бөлмелерінде қызметкерлерге жұмыс жасауға барлық жағдай жасалған.
Қазіргі кезде аудандық филиалдың 20 бастауыш ұйымында 1729 адам есепте тұрады. Тек биылдың өзінде 201 адам партия мүшелігіне қабылданды.