«Нұр Отан» ХДП бастауыш ұйымдары да Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға өз үлесін қоса беретін болады

РАЛ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП бастауыш ұйымдары да Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға өз үлесін қоса беретін болады. Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасындағы бастауыш партия ұйымының төрайымы Райса Еркеғалиева мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бастауыш ұйым тек насихат қана емес, нақты іспен де үлес қосуда. Айталық, басқарма мамандары «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалына өңірде жүзеге асырылып жатқан негізгі мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізуге көмектеседі. Бұл бюджеттік қаржының қалай жұмсалып отырғаны жөнінде дер кезінде хабардар етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ партия мүшелері «Дипломмен - ауылға» бағдарламасын жүзеге асыруға тікелей атсалысуда. «Жасотандықтармен» бірлескен жұмыс нәтижесінде өткен жылы ауылдарға 506 жас маман жолдама алып, қазір олар жұмыс жасауда. Таяуда партияның туған күніне орай басқармадағы бастауыш ұйым қатары тағы үш мүшемен толықты. Бұл - Елбасына, еліміздің, партияның болашағына деген сенімнің айғағы.

Соңғы жаңалықтар