«Нұр Отан» ХДП фракциясы су тасқынынан зардап шеккен Жайық өңірінің тұрғындарына көмек қолын созды

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - 15 сәуір күні «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясы төралқасының отырысы болып өтті.
None
None

Отырыста су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына көмек көрсету туралы мәселе қаралды.

Жайық өңіріндегі апатты жағдай ешкімді де бей-жай қалдырмасы анық. Мемлекет басшысы, партияның көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың үндеуіне қосылған «Нұр Отан» ХДП фракциясының төралқасы «Нұр Отан» ХДП фракциясы атынан су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына бір күндік еңбекақы көлемінде көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Бар жағдайды көзбен көріп, мәселені шешуге ықпал жасау үшін 15 сәуір күні депутаттар тобы Батыс Қазақстан облысына аттанып кетті.

Соңғы жаңалықтар