"Нұр Отан" ХДП фракциясы төралқасының мүшелері депутаттардың өңірлерде Елбасы Жолдауын түсіндіру жұмыстарының қорытындыларын талқылады

АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілік етуімен «Нұр Отан» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясы төралқасының кезекті отырысы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірінші кезекте «Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген міндеттер тұрғысында «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша фракцияның кеңейтілген жиналысына дайындық мәселесі талқыланды.

Сондай-ақ төралқа мүшелері Парламент Мәжілісі депутаттары - «Нұр Отан» ХДП фракциясы мүшелерінің 2010 жылғы ақпанның 5-і мен 14-і аралығында ел Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша өңірлерде атқарған жұмыстарының қорытындысын да қарады.

Фракция төрағасының орынбасары Владимир Нехорошев өз сөзінде алдын-ала бекітілген кестеге сәйкес, фракция мүшелері 340-тан аса елді мекенді аралап, 100 мыңнан астам адамды қамтыған 800-дей кездесу өткізгенін мәлім етті.

Халықтың барлық топтары - соғыс және еңбек ардагерлері, зейнеткерлер, кәсіпорындардың жұмысшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлері, бюджет саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, мектеп оқушылары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» ХДП өңірлік және аумақтық филиалдарының басшылары мен қатардағы мүшелері, ҮЕҰ өкілдері түсінік жұмыстарымен толық қамтылды.

Депутаттар қоғамда Жолдауға деген зор ынта байқалатындығын атап өтті. Жер-жерлерде өткізілген пікір алмасулар Жолдаудың алдағы онжылдықтағы ел дамуын айқындайтын бағдарламалық құжат ретінде жан-жақты қолдауға ие екендігін нақтылады.

Тұрғындардың көпшілігі жеделдете индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын әлеуметтік қолдауды күшейтудің негізгі жолы ретінде қабылдап отыр.

Өңірлерде экономиканың барлық салалары даму үстінде. Өнеркәсіптік өнім өндірісі көлемінің өсуі байқалуда, жаңа өндірістер ашылуда, агроөнеркәсіптік кешен серпінді дамуда. Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында да орасан зор жұмыстар жүргізілуде. Барлық өңірлерде жаңа нысандар іске қосылып, қосымша жұмыс орындары ашылуда.

Соңғы жылдары елді әлеуметтік-экономикалық дамытуда өңірлерге қажетті едәуір бюджеттік және әкімшілік ресурстармен қолдау көрсетілгендігін де жергілікті жердегілер толықтай түсініп отыр.

Жолдауда жүктелген міндеттерді іске асыру мәселесі - Мәжіліс депутаттары - «Нұр Отан» ХДП фракциясы мүшелері қатысқан барлық деңгейлердегі партия фракцияларының өңірлік форумдарында да талқыланды.

Азаматтардың әл-ауқатын сапасы жағынан арттыру барысында атқарған «Нұр Отан» партиясының жұмыстары өңірлердегі партияға деген халық сенімін елеулі дәрежеге дейін көтеріп отыр.

Жолдауда жүктелген ауқымды міндеттердің үдесінен шығу үшін өткізілген форумдар қоғамның барлық топтарын топтастыра білу қажет екендігін анықтап берді.

Депутаттардың халықпен өткізген кездесулері «Нұр Отан» ХДП өңірлік филиалдарымен тығыз қарым-қатынаста ұйымдастырылған.

Партияның қоғамдық қабылдауында атқарылатын жұмыстарға да айрықша назар аударылып, осы кезең аралығында депутаттар тарапынан 1000-нан астам азаматтардың арыз-өтініштері қаралды. Кейіннен депутаттық сауалдар арқылы тиісті республикалық құрылымдар деңгейінде шешу үшін бірнеше мәселелер бақылауға алынды.

Соңғы жаңалықтар