«Нұр Отан» ХДП фракциясы Төралқасының отырысында Елбасы Жолдауында көтерілген мәселелер қозғалды

АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат – Кеше, наурыздың 12-сі күні «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясы Төралқасының Мемлекет Басшысының 2009 жылғы наурыздың 6-сындағы Қазақстан халқына жасаған «Дағдарыстан – дамуға» атты Жолдауында қойған міндеттерді іске асыру мәселесіне арналған отырысы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елбасының Жолдауында депутаттық корпус, Үкімет және әкімдердің алдына жұмыспен қамту, босаған қызметкерлерді қайта дайындау, іскерлік белсенділікті ынталандыру және елдің дағдарыстан кейін тұрақты дамуына жағдайлар жасау міндеттері қойылды. Мәжіліс Төрағасы, «Нұр Отан» парламенттік фракциясының жетекшісі Орал Мұхамеджанов фракция Төралқасы мүшелеріне арнаған сөзінде, Мәжіліс депутаттары ? фракция мүшелері дағдарысқа қарсы қозғалысқа белсенді түрде қатысып, басшылық жасау керектігі, дағдарысқа қарсы шараларды және осы мақсаттарға бөлінген бюджеттік қаржының жұмсалуын айрықша бақылауға алу қажет екендігін атап өтті. Отырыста сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары ? «Нұр Отан» ХДП-сы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясы мүшелерінің 2009 жылғы ақпанның 9-18-і аралығында ел өңірлеріне шығуының қорытындысы жасалды. Ол жайында Төралқа мүшелеріне Владимир Нехорошев хабарлады. Өңірлерге шығу шеңберінде депутаттардың жетпіс бес мың сайлаушыны қамтыған 800-дей кездесулер өткізілді. Осы сапарлары барысында депутаттар-фракция мүшелері 678 елді мекенді аралап, партияның өңірлік және аумақтық филиалдарында өткен қоғамдық қабылдауларында 2 мың 271 арыз-өтініш қабылдады. Жергілікті және республикалық баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарында депутаттардың өткізген кездесулері мен іс-шаралары туралы 277 материал жарияланды.
Соңғы жаңалықтар