12:42, 27 Сәуір 2011 | GMT +5
«Нұр Отан» ХДП хатшысы С.Громов БҚО-ға келіп, су басқан аймақтардың хал-ахуалымен танысуда
ОРАЛ. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП хатшысы Сергей Громов Батыс Қазақстан облысына келіп, су басқан аймақтардың хал-ахуалымен танысуда.

Кеше С.Громов облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен, «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжебай Нығметпен бірге Орал қаласындағы эвакуациялық қосында болып, зардап шеккен тұрғындардың хал-жағдайын сұрап білді.
Бүгін Сергей Громов Зеленов ауданының су тасқынына ұшыраған жерлерінде болды. БҚО-да Тасқала, Ақжайық, Теректі аудандарының елді мекендері де табиғи апаттан зардап шеккені мәлім.
«Нұр Отан» ХДП хатшысы тұрғындармен әңгіме кезінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың мемлекет тарапынан қамқорлықсыз қалмайтынын, сонымен қатар бүкіл елдің батысқазақстандықтарға қолұшын беріп жатқандығын атап көрсетті.