«Нұр Отан» ХДП ХІІ съезі жастарға да үлкен күш-жігер берді

ОРАЛ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезі жастарға да үлкен күш-жігер берді.
None
None
Бұл туралы осы съезге қатысқан «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Асланбек Сарқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев инновациялар мен жаңа технологияларды енгізуде жастарды да белсенді қатыстырудың маңызы ерекше екендігін, қазіргі заманға лайық білім алу, ұлтжандылық үлгісін таныту қажеттігін үнемі атап көрсетіп келеді. Ендеше, Президент артқан сенім үдесінен шығып, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға жасқа тән жігермен араласу ? абыройлы борышымыз. Осы орайда қазіргі кезде «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері оқу орындарында кездесулер өткізіп, съезд шешімдерін жастарға түсіндіру үстінде. «Жасотандықтар» күні кеше мектептердегі соңғы қоңырау салтанаттарына қатысып, Елбасы атап өткеніндей, той-топырды көбейтпей, үнемшілдік керек екендігін, түлектер кешін сол білім ордасында өткізудің маңызын айтты. Мен өзім Шыңғырлау ауданында болып қайттым. Сондай-ақ ЖОО-лардағы жазғы сессия кезінде қаржы полициясымен бірлесіп жемқорлыққа қарсы акция өткізудеміз. Соғыс және еңбек ардагерлеріне демалыс сайын барып, қамқорлық көрсетуді «жасотандықтар» дағдыға айналдырып келеді. «Мұндай істер аясын алдағы уақытта бұдан да кеңейте түспекшіміз», - деді А.Сарқұлов.
Соңғы жаңалықтар