«Нұр Отан» ХДП Көкшетау қалалық филиалының партиялық бақылау тобы құрылыс алаңдарында болды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихаттың депутаты Әлібек Баймағанбетовтың жетекшілігімен жүзеге асырылған партиялық бақылау барысында ағымдағы жылдың қазан айында пайдалануға тиісті «Енки» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кірпіш зауытындағы құрылыс сапасына, Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде, «Жұлдыз» мектеп-бақшасында, Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп кешенінде, политехникалық колледжінде ағымдағы және кұрделі жөндеу жұмыстарына баса назар аударылды. Айтулы нысандарда бөлінген бюджеттік қаржының 75 пайызы игерілген. Тапсырысты орындау мақсатында 260 адам жұмысқа тартылса, олардың 67-сі әлеуметтік жұмыспен қамту бөлімінің жолдамасымен келгендер. Бақылау аясында бірқатар олқылықтар атап көрсетіліп, оны ретке келтіруге жауапты лауазым иелері, мерзімі көрсетілді.