09:55, 07 Наурыз 2012 | GMT +5
«Нұр Отан» ХДП-ның Алматы облысындағы бөлімшесі көпбалалы аналарды құттықтады
ТАЛДЫҚОРҒАН. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында «Нұр Отан» ХДП-ның Алматы облысындағы бөлімшесі төрағасының орынбасары Ерғазы Қошанбеков көпбалалы аналармен кездесті.

«Біздің облысымызда батыр аналар көп. Осы жолы біз он және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген аналарды шақырдық», - деп түсіндірді Е.Қошанбеков әйелдерге гүл және сыйлықтарды табыс ете отырып.
Олардың арасында Ақсу ауданының Матай стансасынан келген 73 жастағы Күлтай Әміренова да болды. Кейуана - он бес баланың анасы, жиырма үш немеренің әжесі, төрт шөбересі бар. «Мен өз міндетімді орындап, елге осыншама ұрпақ бердім. Менің жолымды басқа әйелдерге де берсін. Ана болу - үлкен бақыт, бірақ көптеген келіншектер бұл сезімге өздері бөлінбей түсіне алмайды», - деп атап өтті Күлтай апа.
Мерекелік безендірілген зал ішінде мол дастархан әзірленді, күй күмбірлеп, жергілікті ансамбльдердің әртістері ән шырқады.