«Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалы Маңғыстау облысының прокуратурасымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған семинар өткізді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Семинар «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалымен бірге Маңғыстау облысының прокуратурасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне арналған қала, аудан прокурорларының, прокуратураның облыстық аппараты, Ақтау қаласы және Ақтау табиғат қорғау прокуратурасы қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
Осы шара аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте прокуратура, «Нұр Отан» партиясы және басқа мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара әрекеттестігі мен алдағы ынтымақтастығын, ҚР Президентінің сәуірдегі Жарлығы міндеттері, 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Тұжырымдамасы және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша ыстамбұлдық іс жоспары негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын жетілдіру туралы өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, баяндама тақырыптарында әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдануда кездесетін проблемалық мәселелер де қамтылды.