«Нұр Отан» ХДП өкілдері Дәркембай Шоқпарұлы құрған қолөнер мұражайында болды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін "Киелі мұрамызға тағзым" шарасы аясында «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылындағы Дәркембай Шоқпарұлы құрған қолөнер мұражайында «Атадан балаға қалған мұра» атты шара өтіп, Нұра ауылындағы құсбегіліктің «Жеті қазына» мұражайына экскурсия жұмыстары ұйымдастырылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәркембай Шоқпарұлы атындағы қолөнер мұражайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған.

Д. Шоқпарұлы - Республикалық қолөнер мұражайында, «Қазақреставрация» бірлестігінде бас суретші, реставратор қызметін атқарған, сонымен қатар Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Металл мен ағашты көркемдеп өңдеу» кафедрасының меңгерушісі болған. Суретші өмірінің соңғы 10 жылында Ақши ауылында «Асыл» атты шеберлер дайындайтын мектеп ашып, шәкірт тәрбиелеумен айналысқан.

Бүгінгі күні «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Ұста Дәркембай атындағы облыстық қолөнер мұражайы» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорын болып құрылып, ел игілігіне насихатталуда.

Шара барысында партия белсенділері мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері мұражай алдына қойылған Дәркембай Шоқпарұлының ескерткішіне тағзым етіп гүл шоғын қойды. Сондай-ақ мұражай қызметкерлері суретші өмірінен, оның шығармашылық шеберлігі тарихы жайында баяндаса, келушілер жағы мұражайдың барлық экспонат коллекцияларымен толық танысуға мүмкіндік алды.

«Шара мақсаты көптеген жылдар бойы сақталған қызықты ұлттық қолөнер туындыларын сақтап қалу, тұрмыстық өнер ескерткіштеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ қазақ халқының тарихи-мәдени байлығын таныстырып, жебеушілікті қоғамға үлгі ету», дейді Алматы облыстық «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айтбай Сейітов.

Соңғы жаңалықтар