«Нұр Отан» ХДП Орал қалалық филиалының қабылдау бөлмесі үздіктер қатарында

Таяуда «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған республикалық «Ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
2011 жылғы «Ең үздік аймақтық қоғамдық қабылдау бөлмесі» байқауының бас жүлдесі Астана қалалық филиалына бұйырды. Бірінші орынды Оңтүстік Қазақстан облыстық, екінші орынды Алматы қалалық, үшінші орынды Жамбыл және Ақмола облыстық филиалдары еншіледі. Ал «Ең үздік аумақтық қоғамдық қабылдау бөлмесі» аталымы бойынша аумақтық филиалдар арасынан 14 қалалық және аудандық филиалдар жеңімпаз атанды. Партияның Орал қалалық филиалы да осы қатарда.
Өткен жылы партияның қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне жазбаша, ауызша 839 өтініш түсіп, оның 228-і шешімін тапқан.