«Нұр Отан» ХДП орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ж.Жүкенов БҚО-дағы бастауыш ұйымдар жұмысымен танысты

ОРАЛ. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов БҚО-дағы бастауыш ұйымдар жұмысымен танысты.
None
None

«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы өкілдерімен бірге Ақжайық және Жаңақала аудандарында болған ол бастауыш партия ұйымдарындағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінің ісіне ден қойды. Оралдағы эвакуациялық қосындарда болып, тасқын судан зардап шеккен тұрғындармен тілдесті, сондай-ақ облыс орталығындағы «Родник» ЖШС мен Ж.Досмұхамедов атындағы педколледж бастауыш партия ұйымдарын да назардан тыс қалдырған жоқ.

Жұмажан Кәкенұлының айтуынша, жұмыс сапарының басты мақсаты - тасқын су зардаптарын жою шараларымен танысу. Ең бастысы, Елбасы тапсырғанындай, ешкімді қамқорлықсыз қалдырмау керек. Батысқазақстандықтарға көмек еліміздің түкпір-түкпірінен жеткізілуде. Бұған «нұротандықтар» да сүбелі үлестерін қосуда. Тұрғын үйлер жаңадан тұрғызылады немесе қалпына келтіріледі. Шығынды өтеу жолдары да қарастырылады. Мұның бәрі Президенттің тұрақты бақылауында.

Соңғы жаңалықтар